Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтарды маска тағуға қайта міндеттеуі мүмкін

Өткен тәулікте 137 қазақстандықтан коронавирус анықталды

 Динара Амантай 30.06.2022 | 11:40
Қазақстандықтарды маска тағуға қайта міндеттеуі мүмкін
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарласа, бетперде кию режимінің қайта енгізілуі мүмкін екендігін айтты. Оның айтуынша, әзірге елдегі жағдай соншалықты қауіпті емес.

Науқас адамдар белсенді түрде көбейе бастағанда маска режимін қайтаруға болады. Қазір күніне 100 адамға дейін өсу қарқыны байқалып отыр, сондықтан бұл мәселе көтерілуі мүмкін. Ведомствоаралық комиссияның отырысына карантиндік шараларды күшейту мәселелерін ұсынамыз.Тек бетперде емес, жалпы шараларды қарастырамыз, – деді Ералы Тоғжанов.

Еске салайық, 29 маусымдағы ВАK мәліметтері бойынша, бір тәулікте 137 қазақстандықтан коронавирус анықталған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына қатысты пікір білдірген болатын.

Маусым айының ортасынан бастап біз коронавируспен сырқаттанушылықтың артқанын байқадық. Біртіндеп, күніне 50 жағдайдан өсу басталды. Аптадан аптаға қарайтын болсақ, 3,6 есе өсім бар, – деді Айжан Есмағамбетова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама