×

Коронавирус дерті дендеп барады: елде 137 адам ауру жұқтырды

Науқас адамдардың саны 1 306 608 болды

 Дастан Жұмабекұлы 30.06.2022 | 10:16
фото: 24.kz

Өткен тәулікте Қазақстанда 137 адамнан коронавирус анықталды.

Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында 26 адам ауруды жұқтырған. Алматыда 77 адам емделіп жатыр. Шымкентте 6 ауруханаға түскен. Ақмола облысында 4 адам ем қабылдауда.

Алматы облысында - 5, Атырау облысында - 4, Қарағанды облысында – 9, Павлодар облысында – 2  адам дертке шалдыққан.  Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау мен Түркістан облыстатында бір-бір адамнан емделіп жатыр.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирус әзірше ешкімнен анықталған жоқ.

Өткен тәулікте 47 адам коронавирустан жазылды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 306 608 жетті.

Кеше коронавирусты 110 адам жұқтырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Аталарының атына көше сұрайды»: Астанада көше атауына кімдердің есімі беріліп жатыр

Басқарма басшысы көше атауына лобби жасайтындар бар екенін айтты
31.03.2023 | 16:40

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06