12 жастағы Мадияр есімді баланы талап өлтіргеннен кейін ветеринарлық бекеттің телефонына тыным болмаған
Қазір Ақтөбе қаласы бойынша қанша иесіз иттің барын ешкім білмейді. Ол түгіл ауласында байлаулы тұрған итіне құжат рәсімдеп, тіркетіп жатқандар жоқтың қасы.
Дегенмен ветеринарлар өтініш түссе, дереу сол маңды шолып шығып, бұралқы иттерді алдымен дәрімен ұйықтатады екен. Қауіп расталса, олардың көзі жойылады. «Өйтпеске амалымыз жоқ» дейді мамандар. Себебі 12 жастағы Мадияр есімді баланы қаңғыбас иттер талап өлтіргеннен кейін ветеринарлық бекеттің телефонына тыным болмаған.
Жалпы, қала бойынша ит-мысықты аулап, бағатын жекеменшік жалғыз панажай бар екен. Оған 500-ге жуық қана хайуан сыяды.
«Қазір біз азаматтардың, полиция қызметкерлерінің өтініштері бойынша ғана шығып отырмыз. Өткендегі жағдайдан кейіннің өзінде 800-ге жуық иттің көзін жойдық, ұстап, жансыздандырдық», - дейді Ақтөбе облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.