«Маған қатысы бар»: Тоғжанов зейнет жасын төмендетуге қатысты жауап берді
Ол Үкіметте жұмыс тобы құрылғанын атап өтті
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгінде бізге түскен барлық ұсыныс, оның ішінде зейнет жасын төмендету, әлеуметтік кодекске өзгерту енгізу мәселелері талқыланып жатыр. Аталған мәселе бойынша жұмыс тобы құрылды, - деді Ералы Тоғжанов Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ ол премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесіне жауап бермейтінін айтты.
Ерұлан Жамаубаев басқа мәселелерге жауап береді. Ол вице-премьер-министр ретінде аталған сұраққа жауап бере алмайды. Бұл мәселенің маған қатысы бар. Сондықтан талқылап жатырмыз, - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесі әлі талқыланбағанын айтқан еді.