Өскеменде автобус жолақысы қымбаттайтын болды

Еркеғали Болатұлы

Жолақыны электронды төлеу жүйесі 2021 жылы енгізілген

фото: Виктор Абакумов

Өскеменде 2 шілдеден бастап қолма-қол есеп айырысатындар үшін қоғамдық көлікте жолақы 130 теңгеге қымбаттайды.

Ал карта немесе QR-код арқылы төлейтіндерге 90 теңге қалпында қалып, 7-15 жас аралығындағы балалар автобусқа картасыз отырса, 65 теңге төлейді.

Жалпы, Өскеменде жолақыны электронды төлеу жүйесі 2021 жылы енгізілген болатын. Содан бері есеп айырысатын 44 мың карта сатылған.

Айта кетсек, кеше өткен жылдың жарты миллиард теңгеге жуық субсидиясын ала алмаған Петропавл қаласының автобус парктері қоғамдық көлік қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болып отырғанын жазған болатынбыз.