×

Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?

Елімізде 69% қазақ тұрады

 Дәурен Ерболат 29.06.2022 | 10:24
Фото: unikaz.asia

Қазақстан халқының этникалық құрамы туралы деректер жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын жариялады.

Құжатта елімізде қанша ұлт өкілі тұратыны туралы деректер бар.

2022 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан халқының саны – 19 миллион 122 мың адам болды. Олардың ішінде:

  • қазақтар – 69,03%;
  • орыстар – 18,47 ;
  • өзбектер – 3,29%;
  • ұйғырлар – 1,5%;
  • украиндер – 1,3%;
  • татарлар – 1,06%;
  • немістер – 0,92%;
  • түріктер – 0,61%;
  • корейлер – 0,57%;
  • әзербайжандар – 0,61%;
  • дүнгендер – 0,40%;
  • беларусьтер – 0,26%;
  • тәжіктер – 0,27%;
  • күрдтер – 0,25%;
  • шешендер – 0,18%;
  • поляктар – 0,15%;
  • башқұрттар – 0,09%;
  • басқа этнос өкілдері – 1,04 пайыз.

2018-2020 жылдары Қазақстанда халықтың саны тұрақты өскен. Соңғы 3 жылда қазақстандықтар саны 2,6%-ға артқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама