Түркістан облысында ауладағы ойын соңы құтқару операциясына ұласты (ВИДЕО)

Қанат Атаманов

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы құралдарын алып барған

Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында 7 жасар қыз алюминий флягаға түсіп, өздігінен шыға алмай қалған. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде көмекке келеді.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары оқиға орнына арнайы құралдарын алып барған. Олар фляганы тігінен кескен, темірді керіп тастайтын аппаратты да қолданған.

Осылайша, кішкентай бүлдіршінді аман-есен алып шықты.