Психиатриялық сараптама тағайындалды
14 маусым күні кешке Ақтөбеде 15 жастағы жасөспірім науқас балаға ақша жинайтын жәшігімен ер адамға келіп, көмек беруді сұраған. Ал ол көмек берудің орнына, мектеп оқушысын аяусыз соққыға жыққан.
Аталған жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды «Диапазон».
Бұл жағдайға куәгер ақтөбелік ер адамнан жасөспірімді неге ұрып-соққанын сұраған. Бірақ мардымды жауап алмапты. Ақтөбе облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Полиция қызметкерлері 31 жастағы азаматты анықтап, қолға түсірді. Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Психиатриялық сараптама тағайындалды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бұдан бөлек, ақтөбелік бұзақылар ресейлік саяхатшыны соққыға жығып, оның велосипедін, айфонын, сөмкесін алып кеткен болатын.