×

Ақтөбеде бұзақылар ресейлік саяхатшыны тонап кетті (ВИДЕО)

Тонаушылар оның велосипедін, айфонын, сөмкесін алып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 15.06.2022 | 13:04
фото: дереккөз

YouTube желісінде Странник Артур лақап атымен белгілі ресейлік танымал саяхатшы, блогерді Ақтөбеде белгісіз біреулер тонап, соққыға жығып кеткен. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды.

Жалпы, саяхатшы велосипедпен Қазақстан, Моңғолия арқылы өтіп, сапарын Алтайда аяқтағысы келген. Алайда ол соңғы видеосында Ақтөбеде өзіне шабуыл жасалғанын айтқан.

Мені Қазақстандағы Ақтөбе қаласында тонап кетті. Әрең дегенде Ресейге келдім. Ақшам да жоқ еді, полиция билет алып берді. Орынборға кеттім, – дейді блогер.

Айтуынша, кешке Ақтөбені аралап жүрген кезде оған бір топ ер адам шабуылдаған. Тонаушылар оның велосипедін, айфонын, сөмкесін алып кеткен. Тек құжаттары, бейнекамерасы және қалтасындағы 2 мың теңгесі ғана қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама