Алматыда мемлекеттік қызметке кір келтірген шенеунік қызметтен босатылды

Қанат Атаманов

Лаура Мырзағали 3 жыл бойы мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салу бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали үш жыл бойы мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салу бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ол мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін жазаланып отыр.

Қалалық Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды (3 жыл бойы мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салынды) және қазіргі уақытта ол жұмыстан шығарылды, - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, сәуір айының басында әлеуметтік желілерде Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің қызметкерлердің бірімен сыйақы бойынша жанжалдасып тұрған сәті түсірілген видео тараған болатын. Бұдан кейін басқармада қызметтік тергеу басталған-ды.