×

Алматыда басқарма басшысының орынбасары қызметінен шеттетілді

Оған қатысты қызметтік тексеріс басталды

 Айнұр Шошаева 10.04.2022 | 11:34
скриншот: видео

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиға қатысты қызметтік тексеріс басталды.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Лаура Мырзағалидің қызметкерімен сыйақыға байланысты сөзге келіспей қалғаны туралы видео тараған болатын.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері видеодағы әйел адам Лаура Мырзағали екенін растап, оған қатысты істің мән-жайы толық анықталғанға дейін қызметінен шеттетілгенін айтты.

«Мен адам баласымын, түсінесің ба? Бір жыл жұмыс істедім, денсаулық жағдайына байланыс еңбек демалысы үшін қатаң сөгіс алдым. Әнуар Қанатұлы да сөгіс алды, себебі қызметкерлер құжатты дұрыс реттемеген. Сондықтан бізге екі-үш сыйақы береді, болды. Сендер алтыдан аласыңдар, біз екеу аламыз. Соған жинайды. Түріңді олай жаман етпе. Тоқта, Қарлығаш. Сендерге қазір түсті, түстен кейін тағы түседі, екі рет түседі. Сендерге жеті айлықтан жаздық. Түсіндің бе?», - дейді видеода Лаура Мырзағалиға ұқсайтын адам.

Сл кезде оған тағы бір адам қарсы сөйлемек болады.

«Тыңда! Біз оны қайтарып алмаймыз, себебі заң бойынша маған да, Әнуарға да берілмейді. Себебі оны үші айдан кейін шешіп алу керек. Менің де балаларым бар. Бір жыл істедім. Артық ақша алмадым», - дейді «Лаура Мырзағали». 

Сол кезде «Қарлығаш» тағы қарсы шығып, бірдеңе айтпақ болды.

«Қысқасы, сен бермейсің ба? Әлде түсінбейсің ба? Онда қазір кіреміз бастыққа. Сенің таңдауың болмайды. Онда артық ақшаны саған жазған... Саған артық ақша жазылмауы керек негізі. Сол үшін бізге 100 мыңнан, 200 мыңнан беру үшін... Сен түсініп тұрсың ба менің не айтып тұрғанымды?», - дейді «Лаура Мырзағали». 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама