Алматыда терроризмге қарсы операция барысында 2,7 мыңнан астам адам ұсталды

Алиакпар Қадырбаев

131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді

фото: Halyq Uni

Алматы қаласында терроризмге қарсы операция барысында 2 748 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығынан хабарланды.

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстар бойынша 2 748 адам ұсталды. 131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.

Бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов шаһардағы тәртіпсіздіктер барысында лаңкестер 1347 қару ұрлағанын айтты.

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды, оның ішінде полицияға тиесілі 163 қызметтік көлік бар.