Депутат Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Алматы мәслихатының депутаты қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды күдікпен қамауда отыр
Алматы мәслихатының депутаты қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды күдікпен қамауда отыр.
Сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Күдіктіге бір ай мерзіміне, яғни 21 шілдеге дейін қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, 21 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды.