×

Қазақстанда киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін

Бүгінде бұл мәселе жұмыс тобында қаралып жатыр

 Дәурен Ерболат 15.06.2022 | 12:41
Фото: ТАСС

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елімізде киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін. Егер қазақстандық ғалымдар киік санын реттеуге рұқсат беретін болса, бүгінде жұмыс тобымен барлық мәселені қарастырып жатырмыз, - деді Серікқали Брекешев Мәжілістегі жалпы отырыстан соң журналистерге.

Ол киіктер Бетпақдала, Үстірт және Орал аумағында мекендейтінін атап өтті.

«Бүгінде негізгі мәселе Батыс Қазақстан облысына қатысты. Себебі, қазір ондағы киіктер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістіктеріне шығып жатыр. Сондықтан мұнда белгілі бір мәселе бар. Тіпті мәселе мұнда ғана емес. Ғалымдарымыздың киік санын реттеу қажет деген ұсынысы бар. Бұл популяцияның өзін қорғау үшін де керек», - деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде киіктерді атуға рұқсат берілмейтіні хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама