×

Киіктерді атуға рұқсат берілмейтін болды

Қазір елімізде ақбөкеннің саны 1,3 миллионға жеткен

 Дастан Жұмабекұлы 10.06.2022 | 16:34
фото: okg.kz

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті киіктердің дериваттарын жинау туралы бұйрық жобасын кері қайтарды.

Комитет жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралардың арқасында киіктердің жыл сайын орта есеппен 40%-ға көбейіп жатқанын хабарлады.

Осыған байланысты киіктерді атуға рұқсат беру туралы жобасының кері қайтарылатынын мәлімдеді.

Қазір елімізде киіктердің саны 1,3 миллионға жеткен. 2017 жылы 152 мың киік болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама