Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Ұлытау облысында өтетін Ұлттық құрылтайдың отырысына қатысады

Жаңадан құрылған облыста алғашқы маңызды жиын өтеді

 Қымбат Елтайқызы 13.06.2022 | 10:40
Тоқаев Ұлытау облысында өтетін Ұлттық құрылтайдың отырысына қатысады
фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысының осы аптадағы жұмыс кестесі жария болды.

«Маусымның 16-ы күні Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады», – дейді президенттің баспасөз қызметі.

Маусымның 17-і күні Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. Мемлекет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.

19 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр, – делінген ақпаратта.

Тоқаевтың жарлығы күшіне енді: Қазақстанда жаңадан үш облыс құрылды. Жаңадан құрылған Ұлытау облысының әкімі тағайындалды. Ұлттық құрылтай Ұлытау өңірінде өтеді – Ерлан Қарин. Жазушы Ұлттық құрылтайға ұсынысын айтты

Серіктес жаңалықтары

Сараптама