Halyq Uni логотип
×

Ливанда референдум учаскесі ашылмайды – ОРК

61 мемлекетте 73 учаске жұмыс істейді

 Дәурен Ерболат 01.10.2024 | 17:31
Ливанда референдум учаскесі ашылмайды – ОРК
Фото: Reuters/Ayal Margolin

Ливандағы әскери қақтығысқа байланысты онда референдум учаскесі ашылмайды. Бұл туралы Қазақстанның орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан аумағынан тыс 62 мемлекетте 74 учаске құрылды. Бірақ бүгін Сыртқы істер министрлігі Ливандағы бір референдум учаскесі ашылмайтынын хабарлады. Бұл елде кең ауқымды әскери қақтығыс жүріп жатыр. Ондағы жағдай өте ауыр, қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Сондықтан 61 елде 73 учаске ашылады. Онда учаскелік комиссиялар құрылады. Олар заңға сәйкес жұмыс істейді, - деді Мұхтар Ерман.

Бұған дейін 6 қазанда Қазақстанда өтетін референдумға 200 шетелдік журналист келетіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама