Анталияда аттракцион бұзылып, үш бала зардап шекті

Қанат Атаманов

Құтқарушылар балалардың біреуін түсіріп алып, ауруханаға жеткізген

Фото: ашық дереккөздерден

Бұл Анталиядағы Ататүрік саябағында болған. Карусельді бекітетін жері бұзылып, кейін төңкеріліп, жерге құлаған.

Оқыс оқиғаны куәгерлер түсіріп алған. Құтқарушылар зардап шеккендерге көмектескенше, балаларға біраз уақыт тұруға тура келді.

Құтқарушылар балалардың біреуін түсіріп алып, ауруханаға жеткізген. Ал екіншісін платформаның астынан шығарып алған, оның жағдайы айтарлықтай ауыр болмаған.

Қазір полицейлер оқиғаның себептерін анықтап жатыр.