«АрселорМиттал Теміртау» қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көмек көрсетеді
Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр
Теміртаулық акционерлік компания басшылығы цехта болған төтенше жағдай кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Бүгін, 10 маусым «Құрылысмет» ЖШС мастерпресс цехында жазатайым оқиға болып, салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ төрт қызметкері қаза тапты. Бесінші қызметкер Теміртау қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы бірқалыпты. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр. Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес марқұмдардың отбасыларына бүкіл қажетті көмек көрсетіледі», - делінген компанияның ресми сайтында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше «Құрылысмет» ЖШС аумағында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлері қайғылы жағдайға ұшыраған болатын.