13 жыл бұрын жоғалған Қырғызстан азаматы Атыраудан табылды

Дастан Жұмабекұлы

Әйел жақындарына ренжіп, олармен байланысын үзген

фото: polisia.kz

Атырау қаласында осыдан 13 жыл бұрын жоғалып кеткен Қырғызстан азаматы табылды.

Ол 2011 жылы Атырауға киім сатуға келіп, Қазақстанда қалып қойған. Оның жанында тағы бір Қырғыз Республикасының азаматы болған.  Екеуі киім сатып жүргенде біреуі сол жылы Қырғызстанға кетеді. Олар соңғы рет 2013 жылы телефон арқылы сөйлескен. Содан бері 13 жыл байланыста болмаған.

Қолда бар мәліметке қарағанда, хабарсыз кеткен әйел жақындарына ренжіп, олармен байланысын үзуді жөн санаған. Сөйтіп, одан 13 жыл хабар болмаған соң, жоғалған әйелді туыстары өз беттерінше іздестіруді бастаған. Бірақ, нәтиже болмаған. Осыдан кейін Атырау облыстық полиция департаменті арнайы жедел-іздестіру тобын құрып, Қырғызстанның азаматын іздеуге кіріседі. Іздеу нәтижелі болып, жоғалған әйел табылады.