×

Конституция күні ХҚКО мен мамандандырылған орталықтар қалай жұмыс істейді

2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды кешкі сағат 18:00-ге дейін қабылдайды

 Халық үні 28.08.2024 | 14:37
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

30 тамыз – Конституция күнінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жабық болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ хабарлады.

Ал 31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Олар таңғы 9:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады, - делінген ақпаратта.

Ал дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес 9:00-ден 18:00-ге аралығында қабылайды.  Кезекші ХҚКО-лар 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9:00-13:00 аралығында жұмыс істейді.

Айта кетейік, 30 тамыз – Конституция күні. Биыл Ата заңға 29 жыл толады. Елімізде Конституция екі рет қабылданды. Алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған құжатта Қазақстан парламенттік республика деп көрсетілді. Алайда 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум өткізіліп, Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл құжат қазірге дейін қолданылады. Ата заң 9 тарау, 98 баптан тұрады.

Ата заң тарихы туралы мына жерден оқи аласыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама