Татьяна тұңғышын 20 жасында туған
Петропавлдық Павел мен Татьяна Култышевтің отбасында қыз бала дүниеге келді. Бұл – отбасындағы 19-бала, деп хабарлайды Halyq Uni Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Салмағы 4 250 грамм және бойы 56 сантиметр болатын нәрестені үйде 10 ағасы мен 8 әпкесі күтіп алды. Татьяна босанғанда күйеуі серіктес болған. Облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, Татьяна мен сәбидің денсаулығы жақсы.
Павел мен Татьяна 2000 жылы үйленген. Олар шіркеуде кездескен. Ол кезде Павел 22 жаста, ал Татьяна 19 жаста болған. Ерлі-зайыптылар кейін отбасында қанша бала болатынын жоспарламаған.
Татьяна тұңғышын 20 жасында дүниеге әкелген. Қазір ол бала – 23 жаста. Олар туралы талай сюжет түсіріліп, мақалалар жазылған.
Айта кетсек, бұл отбасындағы 18-бала 2022 жылы дүниеге келген болатын.