×

Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 18.07.2024 | 09:31
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚМА мәліметінше, «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылған. Тінту кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойған. Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.

Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.

Қазір ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама