Оның пікірінше, әр бала кәмелеттік жасқа толғанда бұл мәселені өзі шешуге тиіс
Заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында оқушы қыздарға мектепте орамал тағуға рұқсат бергісі келген Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетовтің сөзіне қарсы шықты.
Дамыған елдер ғылымға, өркениетке ұмтылса, біз шүберектен әріге аса алмай отырмыз. «Балаларға кәмелет жасына жетпей ата-анасы өз наным-сенімдерін тықпалап, мәжбүрлеуге болмайды» деген заңды енгізу керек! - дейді заңгер.
Оның пікірінше, әр бала кәмелеттік жасқа толғанда бұл мәселені өзі шешуге тиіс. Сондай-ақ ол министрге «балалардың киімімен емес, ең алдымен білімімен айналысқаны жөн» екенін ескертіп қойды. Олай істемеген жағдайда отставкаға кетуін талап етіп отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің мектеп оқушыларына орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтқанын жазған болатынбыз.