Halyq Uni логотип
×

Өскеменде жол ережесін 80 астам рет бұзған жүргізуші жазаланды

Оған қатысты қандай жаза қолданылғаны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 07.06.2022 | 15:15
Өскеменде жол ережесін 80 астам рет бұзған жүргізуші жазаланды
фото: Halyq Uni

Өскеменде жол ережесін 84 рет бұзған көлік жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

Өскеменнің полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының жеке құрамы жол қозғалысын қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасын пайдаланады. Ол арқылы сақшылар «Сергек» камерасынан видеоны бірден көре алады және нақты уақытта келесі заң бұзушылықтары бар автомобильдерді бақылай алады: жалған мемлекеттік нөмірі бар, техникалық тексеруден өтпеген, сақтандыру полисі жоқ, іздеудегі, айыппұлдарды қасақана төлемеген көліктер.

Өскеменде жол қозғалысы саласында 3400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа төленбеген айыппұлдары бар көліктерді ұстау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен, тәртіп сақшылары осы қосымша көмегімен Ресейдің тіркеу есебімен BMW көлігін ұстады. Оның жүргізушісі жол ережесін 84 рет бұзған. Айыппұл сомасы 2,4 млн теңгені құрады, – деді Өскеменнің полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Қосымшаның негізгі функцияларының бірі – қауіпті жүргізушілерді анықтау. «Сергек» камералары арнайы алгоритмдер көмегімен жолдарда қауіпті жағдай туғызатын жүргізушілерді анықтайды. Бағдарлама олардың орналасқан жерін берілген радиуста көрсетеді. Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде мұндай көлікті тоқтатып, шара қолдана алады.

Атыраулық жүргізуші 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бар көлік сатып алған. Жириновскийдің көлігі сатылымға қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама