×

Жириновскийдің көлігі сатылымға қойылды

Лимузин 2,5 млн рубльге бағаланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2022 | 15:57
фото: motor.ru

Мәскеуде Ресей либералды-демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Владимир Жириновскийге тиесілі Mercedes-Benz S-Class Pullman автокөлігі сатылып жатыр.

Бұл туралы Motor компаниясы хабарлады.

Лимузин 2,5 млн рубльге бағаланды.

Оның қазіргі иесі Auto.ru сайтына көлікті сататыны туралы хабарландыру берген.

Көлік 2002 жылғы шыққан. Оның бұрынғы иесі Ресей либералды-демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Владимир Жириновский болған. Автомобиль 155 мың шақырым жүрген. Мен көліктің екінші иесімін. Жириновский ешқашан біреуден кейін машинаға отырмаған. Көлік нағыз Пуллман. Ешқашан қайта жөнделмеген, жөндеу көрмеген, - делінген хабарландыруда.

Владимир Жириновский 6 сәуірде қайтыс болды. Қазір Ресей либералды-демократиялық партиясының төрағасы Леонид Слуцкий.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама