Өңірде жалпы 700 баспана салынуға тиіс
Cолтүстік Қазақстан облысында тасқыннан бүлінген 1 мыңнан аса үй жөнделіп жатыр, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Қызылжар ауданында табиғи апаттан зардап шеккен 154 үй жаңадан салынып жатыр. Сондай-ақ тасқыннан бүлінген 1 мың 99 үй жөнделуде. Оның ішінде 252 үйді жөнделді.
Сонымен қатар тасқыннан зардап шеккен ауыл тұрғындары үшін үйлер сатып алынуда. Бүгінгі таңда Қызылжар ауданында барлығы 40 үй сатып алынды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді. Ол бойынша келесі шаралар жоспарланған:
Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстанда болған су тасқыны ғаламдық жылыну процесімен тікелей байланысты екенін мәлімдеген еді.