×

Қазақстанда болған су тасқыны ғаламдық жылыну процесімен тікелей байланысты – президент

Әлем ғаламдық жылыну процесіне қарсы бірігіп күресу керек

 Дәурен Ерболат 04.07.2024 | 16:19
photo © Halyq Uni / Мейірбек Тажқұранов

Елімізде болған су тасқыны ғаламдық жылыну процесімен тікелей байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық ерекше өзекті болып отыр. Бұл жағдай үлкен алаңдаушылық туғызады. Біз әртүрлі табиғи апаттардың айтарлықтай өсуіне куә болдық. Бұл барлық мемлекетке айтарлықтай зиянын тигізеді. Жақында Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын сезді. Мамандардың пікірінше, бұл табиғи апат ғаламдық жылыну процесі тікелей байланысты, - деді Тоқаев елордада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде.

Мемлекет басшысы әлем елдерін ғаламдық жылыну процесіне қарсы бірігіп күресуге шақырды.

Әлбетте, климаттық сын-қатерге қарсы жалғыз күресу мүмкін емес. Әлемдік қоғамдастық экономиканы декарбонизациялау бойынша маңызды бағыттар негізінде жұмысты жалғастыруы керек деп санаймын. Бірақ барлық мемлекет дамыту мен жаңғыртудың өзекті міндеттеріне нұқсан келтірмеуі керек, - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама