Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың жұмыс істеуіне қандай жеңілдіктер бар

Қазақстанда 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады

 Қымбат Елтайқызы 30.06.2024 | 17:59
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың жұмыс істеуіне қандай жеңілдіктер бар
фото: opennews.kz

«Елімізде мүгедектігі бар адамдардың білім алуы мен еңбек етуіне қандай жеңілдіктер қарастырылған?» деген Halyq Uni тілшісінің ресми сауалына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Инклюзия бойынша департамент директоры Динара Жұбанова жауап берді.

«Кәсіп таңдау және білімге қол жеткізу мүгедектігі бар адамдарды қоғамда табысты интеграциялауда шешуші рөл атқарады. Бұл ретте, инклюзивті қоғам құру барлық азамат үшін, олардың физикалық, психологиялық немесе зияткерлік ерекшеліктеріне қарамастан, білім алуға, кәсіптік даярлыққа және жұмыспен қамтуға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі балалардың мемлекеттік білім беру бағдарламалары шегінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін, конкурстық негізде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алуға құқығы бар.

Ерекше білім беру қажеттіліктері (бұдан әрі – ЕБҚ) бар адамдар үшін білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру мақсатында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII Қазақстан заңымен білім берудің барлық деңгейінде ЕБҚ бар балаларды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік кепілдіктер регламенттелген, білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүргізу және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, оқу жоспарларының, бағдарламаларының, білім алушының даму ерекшеліктеріне қарай оның жетістіктерін бағалау жүйесінің өзгергіштігін, икемділігін қамтамасыз ету бойынша нормалар енгізілген.

Өз кезегінде, академиялық дербестік шеңберінде колледждер жеке мүмкіндіктер мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеріп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлейді.

Бүгінгі таңда еліміздің колледждерінде 9,1 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оқиды. Инклюзивті білім беру ортасының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 70% (541) ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған (кедергісіз қолжетімділіктің болуы, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, арнайы кадр құрамы).

Аталған бағыттағы жұмыс Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жалғасуда және тұрақты бақылауда тұр.

ЕБҚ бар білім алушылардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу деңгейін арттыру мақсатында Оқу-ағарту министрлігі ТжКБ ұйымдарының үлгілік штаттарына педагог-ассистент лауазымын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына колледждер базасында педагог-ассистенттерді даярлау, интеллекті бұзылған балаларға арналған мамандықтарды енгізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға келетін болсақ, бүгінгі таңда осы санаттағы адамдарды жұмыспен қамту практикасы жұмыспен қамту органдары арқылы бос орындарға жұмысқа орналастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсетуді, жұмыс орындарын квоталауды, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруды, еңбек нарығында талап етілетін дағдылар бойынша қысқа мерзімді оқытуды, қайтарымсыз гранттар беруді, жастарға шағын кредит беруді, сондай-ақ субсидияланған жұмыс орындарына жолдама алуды қамтиды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарын дамытуда бүкіл халыққа арналған оқытудың цифрлық нысандарына баса назар аударылды. Бүгінгі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды онлайн режимде Қысқа мерзімді оқытудың бірыңғай порталы жұмыс істейді (https://skills.enbek.kz), ол мүгедектігі бар адамдарға (нашар еститін және нашар көретін) бейімделген.

Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыру шеңберінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау жөніндегі шараларды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр (жұмыс берушілердің оларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілігін күшейтіп, заңнамалық нормаларды орындау міндеттілігін бекіту, сондай-ақ квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің өтемақы жарналарын төлеу туралы нормалар енгізу көзделеді).

Мүгедектігі бар адамдардың белсенді еңбек қызметін арттыру үшін қосымша шаралар Қазақстандағы 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы шеңберінде көзделеді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ЕБҚ бар балалар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі енгізілді. Бұл ретте жылына бір білім алушыға білім беру процесінің шығыстар нормасы екі есеге ұлғайтылды.

I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мынадай жеңілдіктер көзделген:

  • білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы;
  • мемлекеттік гранттарды бюджеттік қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік білім алуға арналған конкурсқа қатысқан кезде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда I және II топтағы мүгедектігі бар адамдардың, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілмеген мүгедектігі бар балалардың басым құқығы болады;
  • мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқитын мүгедектігі бар адамдарды стипендиялық қамтамасыз ету бойынша жеңілдіктер.

Биыл Оқу-ағарту министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау квотасын ұлғайту бөлігінде тиісті құқықтық актілерге өзгерістер енгізеді.

Елімізде 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек және жеңілдік түрлері. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай мөлшерде жәрдемақы төленеді. Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балалар шипажайда демала ала ма – министрлік жауабы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама