Білім сайысына қатысқан барлық қазақстандық оқушы жүлдемен оралды
Қазақстан құрамасы JBMO Балқан математика олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Математикадан JBMO 2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің барлық алты оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Дарын» РҒПО-на сілтеме жасап.
Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті. Қазақстан қонақ ретінде қатысты.
Біздің мектеп оқушылары алты медаль жеңіп алды:
Құрама команданың жетекшісі: Антон Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.
Қосшы мектебінің түлегі ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинады. ҰБТ-да 138 балл жинаған Айдос Қожанов көпбалалы отбасыдан шыққан.