×

Қазақстан құрамасы Балқан математика олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті

Білім сайысына қатысқан барлық қазақстандық оқушы жүлдемен оралды

 Қымбат Елтайқызы 29.06.2024 | 17:27
фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрамасы JBMO Балқан математика олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Математикадан JBMO 2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің барлық алты оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Дарын» РҒПО-на сілтеме жасап.

Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті. Қазақстан қонақ ретінде қатысты.

Біздің мектеп оқушылары алты медаль жеңіп алды:

  • Алиасқар Сұлтанәлі — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
  • Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
  • Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
  • Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Эрик Лим — Алматы қаласындағы РФММ 9-сынып оқушысы;
  • Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі: Антон Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті. 

Қосшы мектебінің түлегі ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинады. ҰБТ-да 138 балл жинаған Айдос Қожанов көпбалалы отбасыдан шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама