Halyq Uni логотип
×

«500 ғалым»: Қанша Қазақстан азаматы шетелде тағылымдамадан өтті

Бұл бағыт отандық ғалымдарға өзге елдерде тәжірибе жинауға мүмкіндік береді

 Қымбат Елтайқызы 26.06.2024 | 09:56
«500 ғалым»: Қанша Қазақстан азаматы шетелде тағылымдамадан өтті
фото: primeminister.kz

Қазір елімізде ғылым саласына баса назар аударылып, бірқатар бағдарлама жүзеге асып жатыр. Солардың бірі – «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы. Соңғы жылдары осы бағытпен қанша қазақстандық ғалымның білім алып, тәжірибе жинағанын Halyq Uni тілшісіне Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық ғалымдар жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. 2021-2023 жылдар аралығында 1225 қазақстандық ғалым жолданды, - деді Жанқуатов.

Оның мәліметінше, биыл құжаттар 29 сәуірден бастап 25 қазанға дейін қабылданады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Отандық ғылымының болашағы бар ма? Саладағы өзгерістердің жай-күйі белгілі болды. Грант, шәкіртақы, баспана: Қазақстан ғалымдарына қандай жағдай жасалғаны айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама