×

Грант, шәкіртақы, баспана: Қазақстан ғалымдарына қандай жағдай жасалғаны айтылды

Жас ғалымдар да назардан тыс қалмапты

 Қымбат Елтайқызы 25.06.2024 | 17:06
фото: Halyq Uni

Қазір еліміздің ғылым саласына баса назар аударылып отырғаны белгілі. Президенттің пәрменімен көптеген өзгеріс енгізіліп, қыруар қаржы да бөлінді. Осы орайда Halyq Uni тілшісі тәжірибелі ғалымдар мен жас ғалымдардың тиімді жұмыс істеуіне қандай жағдай жасалып жатқанын Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатовтан білген еді.

- Ғалымжан Жандосұлы, ғалымдарға грант, шәкіртақы, баспана алуға және зерттеу жүргізуге мүмкіндік бойынша қандай өзгерістер мен жаңалықтар бар?

- Ғалымдарға грант, зерттеу жүргізуге келесі өзгерістер мен жаңалықтар жоспарланып отыр:

«Ғылым және технологиялық саясат» заң жобасында қарастырылған Технологияның дайындық деңгейін енгізу ғылыми нәтижелерді енгізуге және коммерцияландыруға дейін жылжытудың барлық кезеңінде қолдау көрсетеді. Бұл жүйе жобалар мен бағдарламаларды іріктеуге және қаржыландыруға неғұрлым жүйелі көзқарас қалыптастырады. Бұған қоса, зерттеулердің жай-күйі мен нарық пен өндіріске дайындық дәрежесін жүйелі түрде түсіну, перспективалық зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін тиімдірек анықтауды қамтамасыз етеді.

Заң жобасы Ғылым қорының технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік мәртебесін белгілейді. Қордың функцияларын кеңейту ғылыми-технологиялық экожүйені дамытуға және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру тиімділігін арттыруға ықпал ететін венчурлік қаржыландыру, инвестициялар тарту және бюджеттен тыс қорларды басқару сияқты қаржылық және қаржылық емес құралдарды енгізуді қамтиды.

Сондай-ақ, заң жобасында жоғары оқу орындарының докторантура және докторантура бағдарламаларын ұлттық ғылыми орталықтар мен аккредиттелген ғылыми ұйымдар базасының мамандандырылған саласында да гранттық қаржыландыру арқылы жүзеге асыру қарастырылған.

2020-2023 жылдары жоғары оқу орындарында шәкіртақы магистрлер үшін – 66 913 теңгеден 97 024 теңгеге дейін, докторанттар үшін – 150 000 теңгеден 217 500 теңгеге дейін көтерілді.

Жыл сайын 50 ғалымға 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы беріледі. Ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен сыйлықтар беру арқылы көтермелеу жалғасады.

Заң жобасында жас ғалымдардың тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту құқығы қарастырылған.

- Ал жас ғалымдар мен зерттеушілерді ынталандыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жас ғалымдарды қолдау күшейді.

«Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған гранттық бағдарлама әзірленіп, іске қосылды. Жалпы, 2021-2023 жылдар аралығында «Жас ғалым» жобаларын гранттық қаржыландыруға 4 конкурс, 2022-2024 жылдарға 3 конкурс және 2023-2025 жылдарға 1 конкурс өтті. Төрт байқаудың қорытындысы бойынша жас зерттеуші ғалымдар 462 жобаны іске асырып жатыр. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша бесінші конкурс аяқталу сатысында.

«Жас ғалым» жобасын іске асыру ең алдымен инженерлік білімді дамытуға, техника мен технологияларды академиялық зерттеуге, постдокторанттарды ұстап қалуға және университеттер мен ғылыми ұйымдарға жас кадрлар ағынын арттыруға бағытталған.

Бұдан басқа, 2020-2023 жылдар аралығында өткізілген жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар шеңберінде 451 жоба іске асып жатыр. Биыл гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстар шеңберінде жас ғалымдар 217 ғылыми зерттеуді жүзеге асыруда. Сонымен қатар, 2024-2026 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне гранттық қаржыландыру бойынша 103 жоба іріктеліп алынды. Жалпы, бүгінде жас ғалымдар 1500-ге жуық ғылыми жобаны іске асырып жатыр.

Жастарды ғылымға тарту мақсатында 2023 жылғы 19 қазанда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдікті несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Отбасы банк 2023 жылғы 1 желтоқсанда келісім шеңберінде жас ғалымдарға несие беру бағдарламасын іске қосты. Осылайша, қазіргі уақытта аталған бағдарлама жүзеге асып жатыр.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Қазақстан ғылымының болашағы бар ма? Саладағы өзгерістердің жай-күйі белгілі болды. «Қазақстанның туристік әлеуетін 30 жыл мақтағанымыз жетеді». Ғалым туризм неге құрдымға кеткенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама