Halyq Uni логотип
×

Солтүстік Қазақстанда су құбырын салу және жөндеу жұмысы басталды

Осылайша, 251 елді мекенде сумен қамтамасыз ету сапасы артпақ

 Қымбат Елтайқызы 22.06.2024 | 13:14
Солтүстік Қазақстанда су құбырын салу және жөндеу жұмысы басталды
фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Қазақстан облысында 910 шақырым су құбырын салу және реконструкциялау жұмысын бастады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрлік Солтүстік Қазақстанда топтық су құбырларын салу және қайта құру бойынша ауқымды жобаны жүзеге асырып жатыр. Жаңадан салынатын және қайта жаңғыртылатын су құбырларының жалпы ұзындығы – 910 шақырым, дәп мәлімдеді ведомство.

Бұл жұмыстар 251 елді мекенді сумен қамтамасыз ету сапасын арттырып, 340 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етеді.

Бағдарлама аясында Соколов, Көкшетау, Булаев, Есіл, Преснов топтық су құбырларын қайта жаңарту мен жаңадан салуды қамтитын 10 ірі жоба іске асырылады. Бұл жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысында сенімді су жүйесін құру мен ауыз судың сапасын арттыруға бағытталып отыр, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

СҚО-ның 4 ауданы мен Петропавлда төтенше жағдай жарияланды. Енді елімізде жаңадан 57 су қоймасы салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама