×

Елордада жаңа мектеп өртке оранды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 15.06.2024 | 18:00
фото: ТЖМ

Астаналық құтқарушылар мектепте шыққан жалынды жойды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бас қаланың Есіл ауданының жаңадан салынып жатқан мектептерінің бірінде қаптаманың жануы орын алды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде 40 шаршы метр алаңда от толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр, – деді ТЖМ.

Түркістанда цех өртеніп, екі адам ауруханаға түсті. Биыл Атырау облысында от салдарынан 11 адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама