×

Түркістанда цех өртеніп, екі адам ауруханаға түсті

Отты өз күшімен сөндірмек болғандар зардап шекті

 Қымбат Елтайқызы 15.06.2024 | 14:10
фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында жиһаз шығаратын цех жанды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ күштері жалынды оқшаулады. Өрт орнында өздігінен сөндіру кезінде цехтің екі қызметкері зардап шекті. Олар қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір отты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Кейін ТЖМ күштері жалынды толық жойды. Өрттің алдын-ала ауданы 1150 шаршы метрді құрады. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Биыл Атырау облысында өрт салдарынан 11 адам қаза тапқан. Павлодар облысында балалар орманға от қойған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама