Halyq Uni логотип
×

Астанада кәмелетке толмағанды тонаған екі оқушы қыз сотталды

Екі бойжеткен жәбірленуші қызды ұрып-соғып, бағалы заттарын тартып алған

 Қымбат Елтайқызы 15.06.2024 | 09:30
Астанада кәмелетке толмағанды тонаған екі оқушы қыз сотталды
фото: Halyq Uni

Екі оқушы кәмелет жасқа толмағанды тонағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2024 жылғы 14 маусымда Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасқа толмаған М.-нің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жәбірленушінің мүлкін ашық түрде тонады деп айыпталған К. (істі қарау кезінде кәмелет жасқа толған) мен кәмелет жасқа толмаған Д.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 191-бабы 2-бөлігінің 1,3) тармақтары).

К., жәбірленушінің мүлкін ашық түрде тонау мақсатында, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы шектен шығып, жәбірленушіге қолдарымен және аяқтарымен бірқатар соққы беріп, физикалық ауырсынуды тудырды. Қылмыстық әрекеттерін жалғастыра келе, К. және Д. жәбірленушінің мүлкін – ұялы телефонын, күміс сақинасын және жемпірін иемденіп, 500 мың теңге сомасында материалдық залал келтірді, – дейді ведомство.

Прокурор айыптауды қолдап, жәбірленуші тарап К.-ге бас бостандығынан айыру, ал Д.-ға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініп, оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сотталушы К. келтірілген залалды өтемеген, ал сотталушы Д. ішінара өтеген. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәләрдің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, алу хаттамаларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

ҚК 81-бабы 6-бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеу кәмелет жасқа толмағандарға 2 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп келесілерді таныды:

  • К.-нің кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі, кәмелетке толмаған жаста қылмыстық құқық бұзушылық жасауы;
  • Д.-нің кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі, кәмелеттік жасқа толмағаны және келтірілген залалды ерікті түрде ішінара өтеуі.

Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен К. және Д. ҚК-нің 19-бабы 2-бөлігінің 1,3) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот К.-нің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы белсенді рөлін және кәмелеттік жасқа толуын ескеріп, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру; ал сотталушы Д. кәмелеттік жасқа толмағандықтан және залалды өз еркімен өтегендіктен, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Жәбірленушінің азаматтық талап қоюы қанағаттандырылды, сотталушылардан келтірілген материалдық залал мен моральдық зиян сомасы өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – дейді Астана қалалық соты.

Алматыда ұрланған көліктер иелеріне қайтарылды. Күзетшіні пышақпен қорқытып, сусын ұрлаған күдікті ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама