×

Күзетшіні пышақпен қорқытып, сусын ұрлаған күдікті ұсталды

Оның басқа қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр

 Дәурен Ерболат 14.05.2024 | 17:50
Фото: polisia.kz

Астанада полиция дүкеннен энергетикалық сусын ұрлаған 27 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Күдікті өзін тоқтатуға әрекет жасаған күзетшіні пышақпен қорқытып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері дереу күдіктінің ізіне түсіп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы жігітті ұстады. Оның үстінен тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның басқа қылмысқа қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.

Астана қаласы ПД тұрғындардан қылмысқа куә болса, бірден полицияға хабарласуды сұрайды, қылмыскерді өз бетінше ұстауға кеңес бермейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама