Ақмола облысында құтқарушылар өрттен 4 адамды алып шықты

Қымбат Елтайқызы

Өрт пәтерде болған

фото: Halyq Uni

Ақмола облысында өрт кезінде 4 адам құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Щучинск қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде 12 шаршы метр алаңда өрт шықты. Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен 4 тұрғынды құтқарды. Кейін олар жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды, деп мәлімдеді ТЖМ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері отты шақырту түскен сәттен бастап 22 минутта толық сөндірді. 

Маңғыстау облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды. Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды.