×

Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды

Балалар қараусыз қалған

 Қымбат Елтайқызы 09.06.2024 | 10:22
фото: ТЖМ

Павлодарда үш жасар егіз бала құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде, 3-ші қабаттағы пәтерде ата-анасының қарауынсыз қалған 2021 жылы туған егіздер темір кіреберіс есігін жауып, өз бетінше аша алмаған, деп мәлімдеді ТЖМ.

Оқиға орнына келген құтқарушылар баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кірді. Кейіннен балалар ата-аналарына берілді. Медициналық көмек қажет емес еді, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оы жағдайға байланысты құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Атырауда өрт сөндірушлер сегіз айлық сәбиді құтқарды (ВИДЕО). Көкшетауда үйіне қамалып қалған 87 жастағы кейуана құтқарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама