Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында нөсерден кейін суда қалған үйлерден барлық су сорылды

Астанада да арнайы жұмыстар жүргізілді

 Қымбат Елтайқызы 08.06.2024 | 14:10
Ақмола облысында нөсерден кейін суда қалған үйлерден барлық су сорылды
фото: ТЖМ

Ақмола облысында жаңбыр суын сору жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Атап өтсек, кеше жауған жауын-шашынның салдарынан Целиноград ауданының Софиевка ауылында 4 жеке тұрғын үй мен 6 аула аумағын су басқан болатын. Қазіргі уақытта су басқан үйлер және аула аумақтарынан барлық су сорылды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұған қоса, кешегі нөсерден кейін елорданың бірнеше көшесін де су басып, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін тағы қолайсыздық тудырған еді.

Астана іргесіндегі ауылда үйлер және аулаларды су басты. Нөсерден кейін елорданы су басты – видео.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама