106 жастағы кейуана туған күнінде дауыс берді
Ол референдумға үйден емес, сайлау учаскесінде дауыс беремін деп шешім қабылдаған
Павлодар облысында егде жастағы тұрғын референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Кенжекөл ауылының тұрғыны сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Бүгін ол 106 жасқа толды.
Сайлау комиссиясы мен ауылдық әкімдік өкілдері әжені туған күнімен құттықтап, сыйлық табыс етті.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен зейнеткерлерге көшпелі комиссияны үйіне шақыртуға мүмкіндік берілді. Алайда 106 жастағы Қапиза әже сайлау учаскесінде дауыс беруді жөн көрген.
Айта кетейік, Павлодар облысында 528 сайлау учаскесі бар. Ол учаскелер де таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жалпы Павлодар облысында тұрғындардың 64,58%-ы дауыс берді.