×

7 миллионнан аса қазақстандық дауыс берді – Орталық референдум комиссиясы

Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 60,80%-ы

 Дәурен Ерболат 05.06.2022 | 16:21

Астана уақытымен 16.00-дегі жағдай бойынша 7 миллионнан аса қазақстандық бюллетень алды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Ақмола облысы – 65,11%, Ақтөбе облысы – 53,52%, Алматы облысы – 66,58%, Атырау облысы – 56,19%, Батыс Қазақстан облысы – 57,70%, Жамбыл облысы – 67,36%, Қарағанды облысы – 68,69%, Қостанай облысы – 69,18%, Қызылорда облысы – 72,26%, Маңғыстау облысы – 53,13%, Павлодар облысы – 64,58%, Солтүстік Қазақстан облысы – 69,80%, Түркістан облысы – 72%, Шығыс Қазақстан облысы – 68,30%, Нұр-Сұлтан қаласы – 48,40%, Алматы қаласы – 25,95%, Шымкент қаласы – 63,34% дауыс берді», - деді Асылбек Смағұлов.

Оның айтуынша, елорда уақытымен 16.00-дегі жағдай бойынша республикадағы 7 127 366 қазақстандық бюллетень алған, бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 60,80%-ы.

Дауыс беру учаскелеріне тұрғындардың келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 18:00-де беріледі.

Айта кетейік, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген қазақстандықтардың 53,43%-ы өз таңдауын жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама