×

Атырауда 9-қабаттан құлай жаздаған бала құтқарылды (ВИДЕО)

Ол пәтер ішінде жалғыз болған

 Еркеғали Болатұлы 05.06.2022 | 15:07
фото: ашық дереккөз

Атыраулық полицейлер 9 қабаттан құлап кету қаупінде болған 2 жастағы бүлдіршінді құтқарды.

Атап айтқанда, кеше 17:00 шамасында патрульдік полиция экипажына Береке ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 9-қабатында жас шамасы 2 жастағы бүлдіршін балконнан құлағалы тұр деген хабарлама түскен. Содан патрульдік полиция қызмет инспекторлары Еламан Төлешов және Нұрбол Багитов баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтап, шұғыл құтқару әрекетін жасаған. Олар өрт жағдайында эвакуациялауға арналған баспалдақтар арқылы 9-қабатқа өтіп, баланы аман алып қалды.

Тұрғындар баланы 9-қабаттан жерге лақтырылған түрлі заттарды көрген соң байқаған. Ал полицейлер баланы құтқару үшін үйге кіргенде, оның пәтер ішінде жалғыз екенін байқаған.

Ювеналды полиция инспекторлары баланың анасы 1985 жылы туған әйел екенін анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама