Бүгінде 6 миллионнан аса адам дауыс берген
Референдумға қатысу құқығы бар қазақстандықтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілді деп саналады. Бүгінде олардың 53,43 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген қазақстандықтардың 53,43% дауыс беруге арналған бюллетеньдерді алған.
«Нақты айтқанда, Ақмола облысы – 56,89%, Ақтөбе облысы – 45,64%, Алматы облысы – 58,07%, Атырау облысы – 50,68%, Батыс Қазақстан облысы – 43,58%, Жамбыл облысы – 63,46%, Қарағанды облысы – 61,08%, Қостанай облысы – 62,47%, Қызылорда облысы – 65,3%, Маңғыстау облысы – 43,36%, Павлодар облысы – 57,79%, Солтүстік Қазақстан облысы – 62,41%, Түркістан облысы – 53,63%, Шығыс Қазақстан облысы – 64,21%, Нұр-Сұлтан қаласы – 41,03%, Алматы қаласы – 23,06%, Шымкент қаласы – 59,32%», - деді Анастасия Щегорцова.
Ол бүгінде республикадағы 6 262 973 адам дауыс бергенін, бұл тізімге енгізілген азаматтардың 53,43% екенін атап өтті.
Заңға сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар қазақстандықтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады. Осылайша, аумақтық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, заңмен белгіленген келушілерге қол жеткізілді, - деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі.
Дауыс беру уческелеріне азаматтардың келуі жөніндегі келесі ақпарат 16.00-де жарияланады.
Айта кетейік, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша референдумға электораттың 43,70% қатысты.