Ата-аналар білуге тиіс ақпарат
Жазғы демалыс кезінде интернеттің балалар үшін қаупі артуы мүмкін. Осы орайда, полиция ата-аналарға бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оң-солын дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдердің киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырау қаупі басым. Кәмелетке толмаған балалар әртүрлі сайтқа кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі, дейді polisia.kz.
Балалар бөтен адамның ықпалына тез беріліп, өзінің «жаңа досына» банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздері, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін. Сонымен қатар, күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар.
Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:
Сот есірткі заттарын таратқан 8 интернет-ресурсты жапты. Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды – ІІМ.