Атырауда өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды
Оқиға жеке тұрғын үйде болған
Атырау облысының өрт сөндірушілері екі адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Атырау қаласында жеке тұрғын үйде диван өртенді. Құтқарушылар үйден 60 жастағы ер адам мен оның 84 жастағы анасын алып шықты, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ЦМК қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Алматы облысында жолаушылар автобусы жанып кетті. Атырауда алапат өрт сөндірілді (ВИДЕО).