×

Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады

2024 жылы Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді

 Қымбат Елтайқызы 01.06.2024 | 10:41
фото: Halyq Uni

Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2024 жылы Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Қазақстандықтар Құрбан айтта 3 күн - 15, 16 және 17 маусымда демалады.

Осылайша, маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады: 1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады: 1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.

2024 жылы қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды. Мүфтият 2024 жылдың діни күндер кестесін бекітті. Қазақстандықтар маусымда неше күн демалады?

Серіктес жаңалықтары

Сараптама