×

Мүфтият 2024 жылдың діни күндер кестесін бекітті

Жаңа айдың көрінуіне байланысты кесте өзгеруі мүмкін

 Халық үні 04.12.2023 | 11:19
фото: Halyq Uni

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті. 

Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен күнтізбеге сәйкес, Рамазан айы 11 наурызда басталады. Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт – 10 сәуір.

Ал Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға келеді.

Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама