Halyq Uni логотип
×

Су тасқыны: Атырау облысында ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Талдыкөл ауылына қауіп төніп тұр

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2024 | 13:01
Су тасқыны: Атырау облысында ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
фото: ТЖМ

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан 13 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте 5 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Жалпы, 136 970 текше метр су сорылды.

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су басқан аумақтардан 141 220 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Жалғансай ауылында қорғаныс бөгеттерін нығайту және салу жұмыстары жалғасуда, 22 600 қап төселді.

Жайық өзені арнасынан асып, судың Талдыкөл ауылына апаратын жолға жайылуына байланысты алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Кеше күні бойы тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізілді. Бүгін таңертең сирена-сөйлеу құрылғыларының көмегімен ауылда халықты хабардар ету жүргізілді. Онда 362 адам қалған болатын. Қазір тұрғындарды Атырау қаласының уақытша орналастыру пунктіне алдын ала эвакуациялау ұйымдастырылды. Жоспарланған эвакуация жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 400 қапшық пен 90 тонна инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Өткен тәулікте 268 мың текше метр су сорылды.

Республика бойынша эвакуацияланған 61 962 адам өз үйлеріне оралды. 5 284 адам уақытша орналасу пунктерінде қалып отыр. 25,5 млн артық еріген қар суы сорылды. 8 млн артық қапшық пен 1,5 млн тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 272 адам, 646 техника, 241 су сору құралы, 55 жүзу құралы мен 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

БҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарымен кездесті. Су басқан өңірлердегі тұрғындар жаңа үйіне қысқа дейін кіріп үлгеруі тиіс – Қанат Шарлапаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама